АҚШ туы төмен түсірілді: Америкалықтар 5 күн аза тұтады

АҚШ туы төмен түсірілді: Америкалықтар 5 күн аза тұтады

АҚШ туы төмен түсірілді: Америкалықтар 5 күн аза тұтады
ашық дереккөзі
788
АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандарды еске алу мақсатында 5 күн аза тұту жарияланды. Елдің федералды және әскери нысандарында мемлекеттік ту төмен түсірілетін болады, деп хабарлайды «Америка дауысы» Ел президенті Джо Байден кеше кешке коронавирус індетінен көз жұмған АҚШ-тың 500 мың халқын 1 минут үнсіздікпен еске алып, отандастарын әлдебір түсініспеушіліктерді кейінге қалдырып, пандемиямен бірлесіп күресуге шақырды. «Бүгін бізде өте қаралы, жанға батарлық кезең – 500 071 адам қайтыс болды. Пандемияның бір жылында ажал құшқан америкалықтар саны Бірінші дүниежүзілік соғысты, Екінші дүниежүзілік соғысты және Вьетнам соғысын қоса алғандағы санға қарағанда – көп», - деді ол. Президент сөз сөйлегеннен кейін вице-президент Камала Харис, бірінші ханым Джилл Байден және екінші джентльмен Даг Эмхофф Ақүйде бір минут үнсіздікте болды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәліметінше, АҚШ басшысы алдағы 5 күнде федералды және әскери нысандарда мемлекеттік ту түсірілген күйі тұруын тапсырды. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы АҚШ-та 28 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індетке шалдыққандардың 500 мыңнан астамы қайтыс болды. Ал әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 111,7 миллионға жетті. Қатерлі вирус 2,5 миллионға жуық адамның өмірін жалмады.  

Серіктес жаңалықтары