425 мың сәби дүниеге келді: Өткен жылы туу көрсеткіші жөнінен алға шыққан өңірлер аталды

425 мың сәби дүниеге келді: Өткен жылы туу көрсеткіші жөнінен алға шыққан өңірлер аталды

425 мың сәби дүниеге келді: Өткен жылы туу көрсеткіші жөнінен алға шыққан өңірлер аталды
ашық дереккөзі
341
2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында республикада 425,6 мың сәби дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 22,6 мың адамға көп, деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. "2020 жылдың қаңтар-желтоқсандағы алдын-ала деректер бойынша, елімізде 425,6 мың сәби тіркелді. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6 мың адамға немесе 5,6%-ке көп және 1987 жылмен салыстырғанда 8,5 мың адамға немесе 2%-ке артық (нәрестелер саны бойынша алдыңғы рекорд 417,1 мың адам болған)", - делінген бюро сайтында. 2020 жылы 248,7 мың нәресте немесе 58,4%-і қалаларда өмірге келсе, 176,9 мыңы немесе 41,6%-і ауылдық жерлерде туды. Жаңа туған сәбилердің жартысынан көбі елдің 6 өңірінде тіркелді:  Түркістан облысы (14,4%), Алматы облысы (12,7%), Алматы қаласы (8,3%), Шымкент (7,4%), Нұр-Сұлтан (7%) және Жамбыл облысы (6,9%). Алдын ала мәлімет бойынша босанғандардың 31,4%-і – 25-29 жаста. Қалған 26,1%-і – 30-34 жастағы әйелдер, 22,3%-і – 20-24 жаста, 13,5%-і – 35-39 жастағы аналар. Дүниеге сәби әкелгендердің арасында 15-19 жастағы аналар да бар. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында босанған аналардың орташа жасы 29,2 жасты құрады. Ұлттық статистика бюросы анасының ұлты бойынша да нәрестелер санын жариялады:
  • қазақтар – 79,8%;
  • орыстар – 7,9%;
  • өзбектер – 4,4%;
  • ұйғырлар – 1,5%;
  • украиндар – 0,9%;
  • татарлар мен немістер – 0,7%-тен.
Туудың жалпы коэффициенті өткен жылы 1000 адамға шаққанда 22,40 нәрестені құрады.  

Серіктес жаңалықтары