Ақтауда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өткізілген тойдың бейнежазбасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылғы 21 ақпанда Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «Көлік тұрағындағы той» деген тақырыппен жарияланған бейнежазбаны анықтады. Тексеру барысында беташар тойдың 35-шағын ауданда орналасқан «Сабыр» тұрғын үй кешенінің тұрағында ұйымдастырылғаны белгілі болды. Учаскелік инспекторлар тойдың барлық қатысушыларын анықтады. Жинақталған материалдар шара қабылдау үшін мүдделі органға жолданды. https://www.youtube.com/watch?v=SdvRZLiWrGE&ab_channel=ELITAR
Жүктелуде...