5 мың теңге: Елорда әуежайы көлік тұрағындағы тарифтердің өсуіне қатысты түсінік берді

5 мың теңге: Елорда әуежайы көлік тұрағындағы тарифтердің өсуіне қатысты түсінік берді

5 мың теңге: Елорда әуежайы көлік тұрағындағы тарифтердің өсуіне қатысты түсінік берді
ашық дереккөзі
1208
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов әуежай алдына қысқа уақытқа көлікпен тоқтау тарифінің өсуіне қатысты ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Хабарламада тариф 5 мың теңге болғаны туралы ескерту айтылған. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аталған хабарламаны қарастырып, тұрақ қызметі үшін тарифтің 5000 теңгеге дейін артуына қатысты ақпарат қисынсыз екенін мәлімдейді. Әуежай жолаушыларды қарсы алатындар мен шығарып салатындарға қолайлы болуы мақсатында ғимарат алдындағы алаңда жолаушыларды жылдам түсіру немесе отырғызу үшін ақысыз негізде 15 минутқа тиісті орынды ұсынады. Осы орайда бұл орын ұзақ уақытқа арналған тұрақ болмағандықтан, осы жолақта ұзақ аялдағандар үшін 5 000 теңге сомасында айыппұл белгіленді», - деді халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов. Оның айтуынша, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған әуежай маңындағы жолақ автотұрақ болып саналмайды. Сонымен қатар А. Шалекенов әуежай автөкөлікті тұраққа қою үшін баламалы алаңдарды ұсынатынын атап өтті.  

Серіктес жаңалықтары