Аборт жасауға тыйым салатын жарлыққа қол қойылды

Оңтүстік Каролина губернаторы Генри Макмастер штатта аборт жасауға тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Reuters. 

Жарлыққа сәйкес, ұрықтың жүрек соғысы пайда болған кезде, яғни жүктіліктің алтыншы аптасынан кейін түсік жасатуға тыйым салынады. Planned Parenthood  әйелдердің денсаулығын сақтау ұйымы бұл құжат АҚШ Конституциясына қайшы келеді деп сотқа берді.

Округтік соттың судьясы Майкл Руперт өзінің қорытындысында ұрық жүктіліктің алтыншы аптасында әлі өміршең емес екенін жазды. АҚШ-тың әртүрлі аймақтарында ұрық жатырдан тыс өміршең болғаннан кейін, яғни 24-ші аптадан кейін түсік жасатуға тыйым салынады.

Аборт мәселесі АҚШ-та әлі күнге дейін қызу талқыланып келеді. Елде 1973 жылы әйелдердің түсік жасату құқығы конституциялық деңгейде бекітілді. Алайда штаттар жүктілікті тоқтатуға қатысты шектеулерді өз бетінше енгізе алады.

Back to top button