Елдің Салық комитетінің басшысы Шамсулло Кабирзоданың айтуынша, елдегі блогерлер 1 сәуірге дейін тіркеуге тұрып, әлеуметтік желілер мен YouTube порталынан түскен кірістері бойынша салық төлей бастауы керек, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
"Салық комитетінің қызметкерлері блогерлердің қызметін тексеріп, оларды салық төлеушілердің тізіміне кіргізу керек деген шешімге келген. Бұл тек блогерлерге ғана емес, жеке тұлғаларға да қатысты. Олар жеке парақшалары және каналдары арқылы ірі компаниялардың тауарларын жарнамалап, ақша тауып келеді. Сондықтан салық төлеуі керек. Қателеспесем, бүгінгі күнге дейін төрт блогер салық органдарына тіркеуге тұрды", - деді комитет басшысы.
Табыстары көп емес екенін айтқан жергілікті блогерлер салық төлей алмағандықтан әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды жабуға тура келеді дейді.
468
1 сәуірден бастап блогерлер салық төлеуге міндеттеледі
1 сәуірден бастап блогерлер салық төлеуге міндеттеледі
Тәжікстандық блогерлер әлеуметтік желілерден және YouTube порталынан түскен кірістерінен салық төлеуге міндеттелді.