300
8 наурыз мерекесіне орай көпбалалы аналарға қаржылай көмек беріледі
8 наурыз мерекесіне орай көпбалалы аналарға қаржылай көмек беріледі
Өскеменде көпбалалы аналар 8 наурыз мерекесіне орай қаржылай көмек алатын болды деп хабарлайды Altaynews.kz.
Халықаралық әйелдер күніне орай қаладағы көпбалалы аналарға ақшалай жәрдемақы берілетін болды. Төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге қаржылай көмек тағайындалатыны хабарланды.
"Сондай-ақ жәрдемақыны "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқа иегерлері немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, бірінші және екінші деңгейлі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталғандар да алады. Төлем мөлшері 5 АЕК-ні (14 585 теңге) құрайды", - деп хабарлады Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығында.
Мемлекеттік көмек 8 наурыздан кейін беріледі. Қаржылай жәрдемақыны алу үшін "Қазпочта" АҚ бөлімшелеріне жүгіну жеткілікті. Өзіңізбен жеке куәлігіңізді ала шығуыңыз керек.