Биылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді

Биылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді

Биылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
ашық дереккөзі
446
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов елімізде диплом беруде қандай өзгеріс болатынын айтты. «ЖОО-ларға академиялық дербестік бекітілген, яғни оқу орындары дербес түрде өздерінің академиялық бағдарламасын әзірлеп, дипломдарын береді. Қазіргі кезде жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламасын айтырлықтай жылдам аша алады», - деді М. Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде. Оның айтуынша, ең басты талап ретінде бұл бағдарлама жұмыс берушілер сұранысына жауап беріп, білім сапасына сәйкес келуі керек. «2021 жылдан бастап ЖОО-лар жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады. Бұл өз кезегінде академиялық дербестікті кеңейтуде үлкен қадам болып отыр. Осыған байланысты оқу орындары өз еркімен мұндай дипломның форматын, сондай-ақ оны табыстау жүйесін айқындайды», - деді вице-министр.  

Серіктес жаңалықтары