540
Алдағы 50 жыл ішінде жер бетінен жойылуы мүмкін 5 қала
Алдағы 50 жыл ішінде жер бетінен жойылуы мүмкін 5 қала
Әлем күн сайын құбылып, сәт сайын көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Сарапшы мамандар алдағы 50 жыл ішінде жойылып кетуі мүмкін 5 қаланы атады.
Венеция, Италия
Сәулеті мен келбеті келіскен қала жақында толығымен су астында қалуы мүмкін. Өткен ғасырда қаладағы су деңгейі айтарлықтай көтерілген.Новокузнецк, Ресей
Жақында жер бетінен жоғалып кетуі мүмкін қалалардың қатарында Новокузнецк те бар. Ұзақ уақыттан бері бұл қала ауаның химиялық заттармен ластануы бойынша көш бастап келеді. Бұл мәселе қаншама жыл бойы экологтарды да алаңдатып келеді. Мысалы, мұнда бензпирен деңгейі 4 есе асады. Сонымен қатар Новокузнецк Ресейдегі қылмыс деңгейі жоғары қалалардың бірі. Мұнда жылына 10 мыңнан астам қылмыс жасалады.Тимбукту, Мали
Ежелде бұл қала бай әрі өркендеген қала болған, өйткені Африка мен Еуропаның негізгі сауда жолдары осы Тимбукту арқылы өткен. Алайда, еуропалықтар Африканы отарлағаннан кейін сауда тоқтап, қала құлдырады. Қазір Тимбукту кедей қалаға айналып, көп үй қараусыз қалған. Онымен қоса, бірнеше онжылдықтан кейін қала толығымен шөлге айналуы мүмкін.Гэри, АҚШ
Индиана штатында орналасқан қала қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Ғасырдың басында ең бай әрі перспективалы болған Гэри тұрғындарының көпшілігі металлургия зауыттарында жұмыс істеді. Бірақ 1980 жылға қарай барлық кәсіпорындар жабылып, халық жаппай қаладан кете бастады. 40 жыл ішінде тұрғындар саны екі есе азайды, халықтың үштен бірі кедейлік шегінен төмен тұрады. Қала дисфункционалды тізімде, болашақта тұрғындар басқа штаттарға көшеді.Джакарта, Индонезия
Бұл қалада қазір 10 миллиондай адам тұрады. Алайда, көп ұзамай олар басқа қалаларға жаппай көшуге мәжбүр болуы мүмкін. Себебі соңғы 10 жылда су деңгейі 2.5 метрге көтерілген. 2050 жылға қарай бүкіл қала су астында қалуы мүмкін дейді мамандар.