Солтүстіккореялық хакерлер Оңтүстік Кореяға бір күнде 1,6 млн шабуыл жасады

Солтүстіккореялық хакерлер Оңтүстік Кореяға бір күнде 1,6 млн шабуыл жасады

Солтүстіккореялық хакерлер Оңтүстік Кореяға бір күнде 1,6 млн шабуыл жасады
ашық дереккөзі
301
Солтүстік Корея хакерлері оңтүстіккореялық компанияларға бір күнде 1,6 миллионға жуық шабуыл жасады. Бұл туралы Nikkei Asia басылымы хабарлады.  Шабуылдарды Оңтүстік Кореяның қауіпсіздік органдары тіркейді. КХДР хакерлерінің  жүздеген мың доллар бопсалағаны белгілі болды. Шабуылдардың негізгі нысаны — Оңтүстік Кореядағы шағын және орта компаниялар. Қаскүнемдер құпия ақпаратты, мысалы, клиенттердің деректерін және болашақ мәмілелер туралы ақпаратты жариялаймыз деп қорқытып, биткоинмен төлем жасауды талап еткен. Оның сомасы 40-тан 470 мың долларға дейін барады. Nikkei Asia-ның хабарлауынша,  2020 жылы хакерлердің әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 1,8 миллиард долларға жуықтаған. Соңғы бес жылда Солтүстік Корея шабуылдарынан келтірілген шығын көлемі 18 есе өсті.

Серіктес жаңалықтары