«Қазпоштада» 370 сәлемдеме жоғалды

«Қазпоштада» 370 сәлемдеме жоғалды

«Қазпоштада» 370 сәлемдеме жоғалды
ашық дереккөзі
442
«Қазпошта» АҚ Пошта қызметтері және E-commerce бойынша басқарушы директоры Әлия Сүгірбаева жоғалған пошталық жөнелтімдер туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. «2020 жылы Қазақстанға тұрғындарымыз тапсырыс берген 8 млн-нан астам сәлемдеме жеткізілді. Оның ішінде тек 370-і жоғалды. Әрбір жоғалу фактісі бойынша компанияның қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізеді, барлық фактілер анықталады және ҚР Заңнамасы аясында тиісті шешімдер қабылданады. Жалпы сәлемдемелер арасында бұл 0,004%-ды құрайды»,  – деді спикер. «Жалпы «Қазпоштаға» жүгінетін клиенттердің көпшілігі сапасыз тауар салынғанын немесе қандай да бір тауардың жетпей тұрғанын айтады. Сондықтан, болашақта осындай проблемалық мәселелерді болдырмау үшін барлық клиенттерімізге – Қазақстан тұрғындарына өздерін жақсы қырынан көрсеткен, тексерілген интернет-алаңдардан, сайттардан ғана тауар алуға кеңес береміз», – деді Ә. Сүгірбаева.

Серіктес жаңалықтары