Есеп комитеті биыл кімдерге аудит жүргізеді?

Есеп комитеті биыл кімдерге аудит жүргізеді?

Есеп комитеті биыл кімдерге аудит жүргізеді?
ашық дереккөзі
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылға арналған аудиторлық іс-шаралар жоспарын айтты. Есеп комитетінің мәліметінше, квазимемлекеттік секторда «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ, «Біріккен химиялық компания» ЖШС, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және олардың еншілес ұйымдарында активтерді басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіледі. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне кешенді аудит жүргізу қолға алынады. Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізуде биыл өтеді. ҚР Президенті Іс басқармасы, Сыртқы істер министрлігі қызметінің тиімділігіне аудит жүргізілетін болады. Сонымен қатар инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол», «Цифрлық Қазақстан» жекелеген мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалау өткізіледі. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ аясында жекелеген келісімдерді орындауы бойынша халықаралық аудиттер де жүргізіледі.