«1 ақпандағы жағдай бойынша 877 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 71,2 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (65,9%) Өзбекстаннан, 19,3% – ҚХР-дан, 6,3% – Түрікменстаннан, 4,2% – Моңғолиядан және 4,3% – басқа елдерден келген», делінген хабарламада.Ведоствоның мәліметінше, келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (40,9%), Маңғыстау (12,5%) және Түркістан (6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6%) және Шымкент (16,9%) қалаларына қоныстанған. 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,7%, еңбекке қабілетті жасқа жетпегені 21,4% және зейнеткерлер 19,8%.
Жыл басынан бері 877 қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 877 қазақ қандас мәртебесін алды
2021 жылдың басынан бері 800-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.