Байден АҚШ-қа төніп тұрған басты террористік қауіпті атады

Байден АҚШ-қа төніп тұрған басты террористік қауіпті атады

Байден АҚШ-қа төніп тұрған басты террористік қауіпті атады
ашық дереккөзі
307
Ақ нәсілшілдер — АҚШ аумағындағы басты террористік қауіп. Мұндай пікірді ел президенті Джо Байден білдірді. Оның сөйлеген сөзінің үзіндісін CNN телеарнасы жариялады. АҚШ көшбасшысы ақ нәсілді жақтаушылар мен Ку-клукс-клан мүшелерін "АҚШ-тағы ең қауіпті адамдар" деп атады. "Мен Әділет министрлігі мен оның азаматтық құқықтар бөлімі дәл осы адамдарға назар аударуын қадағалаймын. Мен ақтардың үстемдігі қозғалысының өсуіне қарсы ел боп күресуге үндеймін", - деді Байден. Саясаткер бұл көзқарастардың жақтаушылары "психикалық ауру және қауіпті адамдар"екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа әкімшілік бұрынғы әскери және полиция қызметкерлерінің осы қозғалыстың танымал болуына ықпалы бар-жоғын зерттейді.

Серіктес жаңалықтары