Алматыда қала күні алма фестивалі өтті

Алматыда қала күні алма фестивалі өтті

Алматыда қала күні алма фестивалі өтті
ашық дереккөзі
245
Алматыда Қала күні мерекесі аясында "АЛМАfest-2016" алма фестивалі ұйымдастырылды. 2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан шараның мақсаты - аймақта бақша шаруашылығын қалпына келтіріп, қалаға алма мекені мәртебесін қайтару.
Жәрмеңкеге Алматы облысындағы 33 шаруа қожалығының 26 алма сорты шығарылды. Қала билігі алма мерекесін Алматының 1000 жылдығына арнады. 2009 жылы Алматы билігі қаланың 155 жылдығын ресми түрде атап өтті. 1854 жылы мұнда әскери бекеніс тұрғызылып, кейін Верный қаласы бой көтерген. Дегенмен кейін жергілікті ғалымдар Алматы тарихының 2000 жылға созылып жатқанын мәлімдеді. Бірнеше жыл бұрын Алматыға жақын маңдағы Алмарасан қалашығынан XIII ғасырдың монетасы табылғаны, онда "Алматы" деген сөз жазылғаны хабарланды. Алматы Қала күнін қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтеді.
 

Серіктес жаңалықтары