Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті
ашық дереккөзі
357
Бүгін 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.  Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман қызметін атқарған.  width= 2006-2007 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі. «Жас жігер», «Көзқарас», «Алтыбақан», «Айна», «Заң мен заман», «Ақиқат пен аңыз», «Дидар», «Көкпар», «Ой-көкпар», «Бетпе-бет», «Дін мен діл», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» және т.б авторлық хабарларын жүргізді. Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы мен «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері.

Серіктес жаңалықтары