50 адамды алдап соққан: Алматыда «L-Капитал» компаниясының негізін қалаған әйел ұсталды

50 адамды алдап соққан: Алматыда «L-Капитал» компаниясының негізін қалаған әйел ұсталды

50 адамды алдап соққан: Алматыда «L-Капитал» компаниясының негізін қалаған әйел ұсталды
ашық дереккөзі
288
Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушыны ұстады. Алматы қаласының ПД тергеу басқармасының мәліметінше, жедел-іздестіру шарасы барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды. Ол ҚРҚК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған компанияның салымшыларының түсірген ұжымдық арызына сәйкес, ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компания кеңселерінде санкцияланған тінту жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу кешені барысында мән-жай анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. «Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған»,– деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.  

Серіктес жаңалықтары