Синоптиктер ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 16 ақпан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Қызылорда және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола облысының жекелеген жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с артады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Back to top button