Көкшетауда 630 орындық аурухана салынады

Көкшетауда 630 орындық аурухана салынады

Көкшетауда 630 орындық аурухана салынады
ашық дереккөзі
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездеуінде аймақ басшысы Ермек Маржықпаев айтты деп хабарлайды Қазақпарат. «Қысқа мерзім ішінде 200 орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жарақтандырылды. Бұдан басқа, есептік жылы үш нысанның құрылысы аяқталды. Бұлар Көкшетау қаласындағы онкологиялық емхана, Целиноград ауданының Софиевка және Шортанды ауданының Степное ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар. 2021 жылы Қосшы ауылында жаңа емхананы іске қосу жоспарланған. Қараөткел ауылында дәрігерлік амбулатория мен Целиноград ауданының Қоянды елді мекенінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Көкшетау қаласындағы Сарыарқа шағын ауданында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы ауқымды жоба жүзеге асырыла бастады», – деп атап өтті аймақ басшысы. Е. Маржықпаевтың айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде құны 1,5 миллиард теңге сомасына сегіз денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Астрахан, Сандықтау және Егіндікөл аудандық ауруханаларында толық дерлік жаңғыртылды.