Отандық тіл платформасы 200 000 адамға шет тілін үйретпек

Отандық тіл платформасы 200 000 адамға шет тілін үйретпек

Отандық тіл платформасы 200 000 адамға шет тілін үйретпек
ашық дереккөзі
«Қанша тіл білсең, сонша адамсың» дейді  халық даналығы. Бірнеше тілді меңгеру – бүгінгі күннің негізгі талабы. Елімізде осы бағытта арнайы тіл оқытумен айналысатын оқу орындары, жеке репетиторлар,  курстар, арнайы  клубтар  жұмыс істейді. Солардың  бірі – TilBil Online  Education  компаниясы. 4 жылдан  бері  нарықта шет  тілдерін  оқытып келе жатқан  компания  онлайн білім береді. Биыл арнайы тіл оқытатын  TilBil платформасын жарыққа шығарды. Соңғы технологиялық  мүмкіндіктерді қолданып, қолданысқа берілген  платформада 5 тіл  бар: қазақ, орыс, ағылшын, түрік және  корей тілдері. TilBil – еліміздегі тұңғыш отандық  тіл  платформасы. Көпшіліктің  қуанышына орай, платформа алғашқы 10 000 адамға тіл  курстарын  тегін берді.  Қазір де бұл үрдіс жалғасын тауып, барлық  тілдердің алғашқы А1, А2 деңгейлерін 1 апта көлемінде тегін оқу мүмкіндігі бар. Кез келген шет тілін ана тілі арқылы үйрену тіл үйрену процесін едәуір жеңілдетеді. TilBil шет тілі курстарының  басты  артықшылығы да осында.  Яғни, барлық тілдерді қазақ тілінде оқытады.  Бұл  тіл  меңгерушілердің ақпаратты тез қабылдап, жақсы  нәтиже көрсетуіне септігін тигізеді. Ресми ақпараттарға сүйенсек, қазақтілді аудиторияның орыс тіліне деген  сұранысы жоғары.  Әрі әлемдік пандемияның салдарынан  тілді  үйден шықпай-ақ  онлайн  үйренуге қызыққандардың  саны едеуір  артқан.  Сабақтар онлайн болса  да,  бүгінде  еліміздің түкпір-түкпірінен  жиналған  қолданушылар  үлкен топ болып, бірге даму үстінде. Яғни, тіл үйреніп қана қоймай, заманауи дағдыларды жетілдіріп, тұлғалық даму жолына бірге түскен. Бүгінге дейін  50 000-ға жуық адамға тіл үйреткен компания 2025 жылға дейін 200 000 адамға шет тілдерін үйретуді мақсат етіп отыр. Табанды еңбек пен үнемі ізденістің  нәтижесінде платформаға жаңа функциялар қосылып отырады. Осылайша отандық өнімді қолдана отырып шет тілін меңгеруге кең жол ашылды.

Омар Қызғалдақ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Журналистика факультетінің 4-курс студенті