Оқытушылар онлайн білім беруге дағдыланды

Оқытушылар онлайн білім беруге дағдыланды

Оқытушылар онлайн білім беруге дағдыланды
ашық дереккөзі
ЕҰУ оқытушыларының 74 пайызы біліктілік курстарын аяқтады. Бұл жайында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бүгін жоғары оқу орындарының қысқы сессияға дайындығы тақырыбында өткен пресс-конференцияда хабарлады.  Ректордың айтуынша, оқытушылар қашықтан оқыту және студенттерге бағытталған оқыту әдістері бойынша цифрлық дағдылар негізінде қосымша білім алды. Оқыту халықаралық университеттермен бірге өткізілді. Оған Италия және Ресей мамандары қатысты. Сонымен қатар, ЕҰУ оқытушылары қашықтан оқыту тәжірибесін тарату бойынша Қазақстан университеттеріне арналған бірқатар вебинарлар өткізді. Қашықтан оқытуға арналған бейне нұсқаулар мен ұсыныстар жасалды. Қазіргі уақытта YouTube каналындағы видео өнімдерді көрушілер саны 62 мыңнан асты. Сессияны ұйымдастыру бойынша белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.