284
Instagram өз қолданушыларын қорлайтындарға жазаны күшейтті
Instagram өз қолданушыларын қорлайтындарға жазаны күшейтті
Instagram әлеуметтік желісі бұдан былай жеке хат-хабарлардағы нәсілдік немесе діни белгілері бойынша араздықты тудыратын хабарламалар үшін пайдаланушылардың есептік аккаунтын жоятын болады. Компания тиісті мәлімдемені бейсенбі, 11 ақпанда таратты, деп жазады korrespondent.net.
Бұрын Instagram-да біреудің жеке басын қорлайтын мазмұнындағы хаттар үшін қолданушылардың хат жіберу мүмкіндігіне шектеу қойылатын. Енді мұндай әрекет үшін аккаунт бұғатталады.
"Бұдан былай әлдебіреу тыйым салынған мазмұндағы хабарламаларды жіберуді жалғастырса, біз оның аккаунтын өшіреміз",-делінген хабарламада.
Қосымша әкімшілігі қорлайтын мәлімдемелер қатарына нәсілдік немесе діни белгілері бойынша араздықты тудыратын хабарламалар жататынын атап өтті.
Instagram жеке диалогтарда не болып жатқанын бақылау посттардың астындағы жағымсыз пікірлерді бақылаудан гөрі қиын екенін атап өтті. Компания адам құқықтары мен хат алмасу құпиясының бұзылуына жол берілмейтінін нақтылады.