Қазақстанның бірнеше аймағында жол жабылды

Қазақстанның бірнеше аймағында жол жабылды

Қазақстанның бірнеше аймағында жол жабылды
ашық дереккөзі
321
Қолайсыз ауа райына байланысты елдің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-каналы. 12 ақпан сағат 00:00-де Алматы облысында қолайсыз ауа райына (тұман, көктайғақ) байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2300-2380 шақырымындағы Қаншенгел Құрты ауылдарының арасындағы жол бөлігінде («СПИК Аккорд»АҚ қайта құру учаскесінде) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Сондай-ақ 12 ақпан 00:30-да Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрделенуіне (жаңбыр, көктайғақ, тұман) байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 195-246 шақырымында Ресей шекарасы мен Орал қаласы аралығындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін жол жабылды. Сонымен қатар бүгін сағат 00:30-да Алматы облысында қолайсыз ауа райына (жаңбыр, кей жерлерде көктайғақ, жолдың көрінбеуі) байланысты «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 25-320 шақырымында Арман - Алтынкөл жол бөлігінде («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автокөлік жолдары дирекциясына қарайтын участок) барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. 12 ақпан сағат 06:30-да Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы шекарасы» автожолының 11-92 шақырымында Ақтөбе -Қандыағаш қалаларының аралығындағы жол бөлігі («СПИК Аккорд»АҚ қайта құру учаскесінде) барлық көлік түрі үшін жол жабылды. Сондай-ақ 12 ақпан сағат 06:30-да Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 773-836 шақырымы, Белогорка - Хромтау арасындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. 12 ақпан сағат 01:00-де Алматы облысында қолайсыз ауа райына (тұман, жолдың көрінбеуі) байланысты «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 24-243 шақырымында Арман –Шонжы арасындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін жол жабылды.  

Серіктес жаңалықтары