Шұңқырға құлап кеткен: СҚО-да элеваторда 36 жастағы жұмысшы қаза тапты

Шұңқырға құлап кеткен: СҚО-да элеваторда 36 жастағы жұмысшы қаза тапты

Шұңқырға құлап кеткен: СҚО-да элеваторда 36 жастағы жұмысшы қаза тапты
ашық дереккөзі
214
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері элеваторда қаза тапқан 36 жастағы жұмысшының өлімін тергеп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz. 9 ақпан күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөліміне шамамен сағат 16.00-де Новоишимское ауылының "АқНанСевер" ЖШС элеваторында болған қайғылы оқиға туралы хабарлама келіп түскен. Дәнді дақылдарды сақтауға арналған металл силосты тазалау кезінде шұңқыр пайда болып, оған 36 жастағы жұмысшы құлап кеткен. Оның денесі шамамен сағат 23-те сыртқа шығарылды. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын қарап, куәгерлерден жауап алды. Өндірісте қаза болу фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша енгізілді. "Оқиғаның толық және объективті мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжанов.  

Серіктес жаңалықтары