Елордада алдағы бес жылда 50 мектеп салынбақ  

Елордада алдағы бес жылда 50 мектеп салынбақ  

Елордада алдағы бес жылда 50 мектеп салынбақ   
ашық дереккөзі
50281
2021 жылы 11 ақпанда  «Nur Otan» партиясының елордалық мәслихаттағы фракциясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Жол картасын талқылау жиналысы өтті. Жиналыс жұмысына партияның қалалық филиалы төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Ол бағдарламаның негізгі тұстарын атап өтті.  width=

«Бірінші. Жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету 2021-2025 жылдар арасында жыл сайын 10 мың әлеуметтік пәтер беру, 125 тұрғын үй кешені мен 150 лифтіні жөндеу, 300-ден астам отбасын апатты үйлерден жаңа үйлерге көшіру. Екінші. Үлескерлер мәселесін шешу. Бір жарым жыл ішінде "сақалды" құрылыс саны екі еседен астам азайды. Қалған 22 құрылысты 2021-23 жылдары аяқтау жоспарлануда. Үшінші. Әлеуметтік сала. Бес жыл ішінде 50 мектеп салу жоспарланып отыр. Болашақ педагогтарды ынталандыру үшін орта білім алуға жыл сайын 800 гранттан, жоғары білім алуға тағы 300 грант бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі жоспарлы түрде артатын болады."Қадамдық қолжетімдік" принципіне сәйкес, 30 қосымша "Үй маңындағы дәрігер" нысаны ашылады. Сонымен қатар, 5 медициналық мекеме салынады. Төртінші. Елді-мекендер 6 мектеп, бірқатар медициналық орталықтар, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бұдан басқа, 130 шақырым сумен жабдықтау және су жеткізу желілері, 85 шақырым нөсер кәрізі, подстанция және 177 шақырым электр желілері, 23 шақырым жылумен желілері, нөсер кәріздерін тазартатын 3 кешеннің құрылысы жүреді. Мұның барлығы  қала тұрғындарының өмір деңгейін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, елді-мекендерде аулалар абаттандырылып, 50 саябақ пен сквер, 123 шақырым велосипед жолы салынады. Бесінші. Газдандыру, жол инфрақұрылымы, нөсер кәріздері және т. б. Партияның сайлауалды бағдарламасында қаланы газдандыру, жолдарды жөндеу, нөсер кәріздерін салу, экология және қоршаған ортаны қорғау, шағын және орта бизнесті қолдау және т. б. бағыттар ерекше көрсетілген», - деп атап өтті А.Көлгінов.

Дәулет Кәрібек, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жоғарыдан төменге емес, керісінше Праймериз арқылы, «Есіктен есікке» акциясы арқылы қаламыздың тұрғындарынан тілектер мен, ұсыныстарына сүйене отырып жасадық. Партия қалалық бағдарламада ТОП-10 мәселені анықтады. Ендігі уақытта Біз осы сайлауалды бағдарламамыздағы ТОП-10 мәселені шешу үшін 13 бағыттан, 107-ден астам тармақтар мен бөлімшелерден тұратын нақты істер Жол картасын іске асырамыз. Біз қалалық сайлауалды бағдарламамыздың толық іске асыруға, ондағы индикторларға қол жеткізуді мәслихаттағы фракциямыз арқылы қамтамасыз етеміз.
Владислав Сергеев, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының фракция жетекшісі:
«Біздің бағдарламаның барлық тармағын іске асыру – бұл біздің парызымыз және әрбір депутаттың жеке жауапкершілігі».
Жанділдаев Бақдәулет, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты:
Жастарды кәсіпкерлікке тарту аясында 3 000 жастарға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды ұйымдастыруды және ісін жаңа бастаған 200 жас кәсіпкерлерге грант ұсынуға ықпал етеміз.
Динара Байсеркина, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты:
Азаматтардың денсаулығы – біздің негізгі басымдық. 30 дәрігерлік амбулатория, жаңа көпсалалы емхана мен перзентхана саламыз.

Серіктес жаңалықтары