СҚО-да қатты аязға байланысты мектепте сабақ болмайды

СҚО-да қатты аязға байланысты мектепте сабақ болмайды

СҚО-да қатты аязға байланысты мектепте сабақ болмайды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты sms хабарлама таратылды. СҚО-да бүгін 0-12 сынып оқушылары үшін мектепте сабақ тоқтатылды. Олар ауа райына байланысты қашықтан білім алмақ. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан sms хабарламада өңірде -31 градусқа дейін аяз болатындығы айтылған. Өңірде кеше де қатты аязға байланысты 0-9 сынып оқушылары мектепке барған жоқ. Кеше сынап бағанасы -27-30-ды көрсетті.