ЭЫДҰ мен Ұлттық банк арасында электрон мәлімет алмасу туралы құжатқа қол қойылды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев енді азаматтардың оффшорлық шоты туралы деректерді 100-ден астам юрисдикцияда ала алатынын мәлімдеді. «Капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) және Ұлттық банк электрон мәліметтер алмасу шеңберінде көпжақты Конвенцияға қол қойды. Биылдан бастап ЭЫДҰ-мен қазақстандық азаматтардың 100-ден астам юрисдикциядағы қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасуды бастаймыз», – деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.
Жүктелуде...