222
Баласына 13 жыл бойы алимент төлемеген павлодарлық әйелдің үстінен тергеу басталды
Баласына 13 жыл бойы алимент төлемеген павлодарлық әйелдің үстінен тергеу басталды
Павлодар қаласының полициясы баласына алимент қарыз әйелді анықтады. Анасының бала алдындағы борышы 13 жыл бойы өтелмеген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
«13 жылдан бері кәмелетке толмаған баласын асырауға қаражат төлеу жөніндегі сот шешімін орындамады деген күдікпен Павлодар қаласының тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері өңірде осындай бес факті тіркелген.
«Біздің елімізде алимент төлемеу мәселесі ұзақ уақыттан бері тек отбасы ішінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік проблемаға айналды. Сот шешіміне қарамастан, көптеген жауапсыз азаматтардың алимент қарызы жыл сайын өсіп келеді, ал кейбіреулерінде айтарлықтай сомаға қол жеткізілді», - деп түсіндірді Ж.Қайыров.