«Қызыл жендет» атанған жазушы Аркадий Гайдар Аман Төлеевтің атасын қалай өлтірді?

«Қызыл жендет» атанған жазушы Аркадий Гайдар Аман Төлеевтің атасын қалай өлтірді?

«Қызыл жендет» атанған жазушы Аркадий Гайдар Аман Төлеевтің атасын қалай өлтірді?
ашық дереккөзі
971
Ресейдің Кемер облысын 21 жыл басқарған даңқты қазақ Аман Молдағазыұлы Төлеевті қазаққа таныстырып жатудың өзі артық. Ал енді «Тимур және оның командасы» атты әйгілі кітаптың авторы, кеңестік кезеңнің танымал жазушысы Аркадий Гайдардың Аман Төлеевтің аталарының бірі Қалдыбай Төлеевті қалай өлтіргенін жұрттың көбі біле бермеуі мүмкін. Кузбастың халқы ұлты қазақ губернаторын әділдігі мен іскерлігі үшін құрмет тұтатыны соншалық ол туралы көптеген кітаптар жазып, фильмдер шығарды. Ал кемероволық тарихшылар оған қатысты деректерді індете зерттеп, Аман Төлеев пен әйгілі кеңес жазушысы Аркадий Гайдарды байланыстыратын қызықты әрі қайғылы фактіні тапты. Ол – Аман Төлеевтің бабасы Қалдыбай Төлеев туралы еді. Бұл жайында Төлеевтің ата-бабалары туралы 2016 жылы жарық көрген «Төлеев соқпағы» атты романда және сол тақырыппен шыққан деректі фильмде жан-жақты баяндалады. Кузбаста айтарлықтай танымалдылыққа ие болған кітаптың авторы – Төлеевтің бұрынғы көмекшісі Людмила Поликанова. Кітапта Аман Төлеевтің атасы Қалдыбайдың ерекше тағдыры туралы айтылған, ал ол жайында губернатордың өзі бұрын білмеген көрінеді. 1917 жылы желтоқсанда Орынборда құрылған Алаш автономиясының тізгінін ұстаған Алаш партиясы Орынбор казактарының жетекшісі Александр Дутовпен қарым-қатынас жасағаны белгілі. Ал Қалдыбай Азамат соғысы кезінде ол ақ гвардияшы атаман Дутовтың штабындағы қазақтардың өкілі болған. Қалдыбай Төлеев жеке күзеті қазақтардан құралған атаман Дутовтың ұлттық мәселелер жөніндегі офицері және кеңесшісі болған деген болжам бар. Оның сондай жауапты қызмет атқаруы әскери және діни білімінің болуымен байланысты болды, өйткені Қалдыбай кадет мектебін және медресені бітірген. (Бұл ақпараттың шындыққа сәйкестігі өзге де жанама мәліметтермен анықталған). Кітап пен фильмде айтылғандай, Қалдыбай Төлеев ақтар мен қызылдар арасында келіссөз жүргізуші бола отырып, дипломатиялық тапсырмаларды орындаған. Атаман Дутов Қытайға шегінгеннен кейін тағдыр Қалдыбайды Сібірге, қазіргі Хакасия республикасының территориясына, Енисей губерниясынан бір-ақ шығарған. 1922 жылы Қалдыбай қызылдардың тұтқынына түсіп,  қызылдар оны атаман Дутовқа қол жеткізу үшін пайдаланғысы келген. Бірақ ол ой іске аспады... Сол кезде Хакасияға 18 жасар Аркадий Голиков – болашақ атақты балалар жазушысы Аркадий Гайдар басқарған арнайы мақсаттағы жасақтың отряды келген. Ол мұндағы антисоветтік бүлікшілерді жою үшін жіберілген еді. Фильмде оның сол кездегі істегені жайында былай баяндайды: «Гайдар өте тәжірибесіз және қабілетсіз ЧОН командирі еді, шектен тыс қатыгездікке бейім болды. Тұтқындарға арналған орындардың жетіспеушілігіне білгенде ол ештеңеге басын ауыртып жатпастан "басы артық" хакастарды өлтіруге бұйрық берді. Жазаға кесілгендердің арасында Аман Төлеевтің атасы да болған. Тұтқындар Том өзенінің жағасына жеткізілген соң қызылдар төрт хакасты бірден өлтірген. Қалдыбай өзін тірі қалдырмайтынын білсе де, сабыр сақтады. Басқалар жансауға сұрап жатқанда, ол жыртылған киімін үстінен шешіп лақтырып, қызыләскерге қарсы қарап тұрды. Қызыләскер оған қылышты сілтей сала, қаны үстіме шашырамасын деп арқа серпілді. Тұтқын құламай, жай теңселіп тұрды. Тіпті еңсесін көтеріп тік тұрғанда оның бойы ұзарып кеткендей көрінді. Ал қылыш сілтеген қызыләскер: «Кім осылай шаба алады?» – деді. Бірден өле қоймаған тұтқынға ызаланған Аркадий Гайдар Қалдыбай Төлеевті өзі өлтіреді. Гайдар өзі тұтқынға жақын келіп пышақ сілтеді, бірақ тұтқын сонда да аяғында тұрды. Гайдар ашудан бозарып маузерін шығарды». Қызыләскерлер өлтірілген қазақтың денесін өзенге тастаған. Солайша Аркадий Гайдардың өмірбаянындағы Сібірге қатысты кезең жаман із қалдырды. Коммунист командирдің кісі өлтіруге қолданған әдістері, оның қарттарды, әйелдер мен балаларды өлтіруі партия мүшелерінің арасында жиіркеніш туғызды. Соның әсерінен Гайдар жетекші лауазымды қызметтерге тағайындалу мүмкіндінен айырылды. Кейін травматикалық неврозбен ауырып, бірнеше рет психиатриялық клиникаларда емделіп, түсіне өлтірген адамдары енетінін айтқан Гайдар ұстарамен өзіне өзі жарақат салған да кезі болған... Аман Төлеевтің туыстары кеңестік кезеңде Қалдыбай Төлеев туралы айта алмаған. Себебі оларға «халық жауының» туыстары ретінде жаман көзқарас пайда болуы мүмкін еді. Солайша, кеңестік кезеңнің аты аңызға айналған жазушысы бір кезде қазақ баласы Қалдыбай Төлеевті өлтірсе, ал оның ұрпағы Аман Төлеев Аркадий Гайдар туған елдің көркеюіне еңбек сіңірді. Тағдыр тәлкегі деген осы болар сірә...

Серіктес жаңалықтары