Түймебаев ұлттық университетке ректор болып барды

Түймебаев ұлттық университетке ректор болып барды

Түймебаев ұлттық университетке ректор болып барды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Мұрат Әбенов желідегі парақшасында жазды. "Бір сағат бұрын республикалық комиссияның шешімімен Ұлттық университеттердің екі ректоры сайланды. ҚазҰУ ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы. ЕҰУ ректоры Сыдықов Ерлан Бәттәшұлы", - деп жазды Әбенов. Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 28 ақпанынан бастап Қазақстан халықтар ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар Қазақстан Президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы болды. Кезінде Білім және Ғылым министрі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі тағы басқа лауазымды қызметтерді атқарған.