240
Мунгия Головкинмен келісе алмаса Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін
Мунгия Головкинмен келісе алмаса Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) мамыр айында жекпе-жек өткізу жөнінде өзара келісімге келе алмады.
ҚазАқпараттың Boxingscene-ге сілтеме жасап жазуынша, жеңіліп көрмеген мексикалық нокаутер орта салмақтағы үшінші жекпе-жегін сәуір айының алғашқы жартысында өткізуді жоспарлап отыр. Ал оған әлеуетті қарсылас ретінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) аталған. Мексикалық боксшының командасы Қанат Исламмен келіссөз жүргізіп жатқанын, алайда әліде Головкинмен жұдырықтасуға басымдық беретінін айтты.
Айта кетейік, Қанат Ислам былтыр жекпе-жек өткізген жоқ. Қазақстандық боксшы орта салмақта әлемдік рейтингіде 14-орында.
24 жастағы Хайме Мунгия 2018 жылы америкалық Садам Әлиді жеңіп, бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын иеленді. Сондай-ақ, Мунгия осы салмақта чемпиондық атағын 5 рет сәтті қорғап, Қанат Исламның бұрынғы қарсыластары Брэндон Кук (22-2-0, 15 КО) пен Патрик Аллотейды (41-4-0, 31 КО) нокаутпен жеңді. Мунгия 2020 жылы орта салмаққа ауысып, екі жекпе-жек өткізді. Соңғы жекпе-жегінде, мексикалық боксшы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Inter-Continental титуылын иеленіп, әлемдік рейтингіде 5-орында тұр.