Демалыс орнында заңнаманы өрескел бұзған

Демалыс орнында заңнаманы өрескел бұзған

Демалыс орнында заңнаманы өрескел бұзған
ашық дереккөзі
213
Алакөл жағалауындағы демалушыларға арналған үйлер мен демалыс базалары жұмыс істемеуі тиіс. Бұл шешім Алакөлде рекреациялық аймақта нысандардың жай-күйін қараған жұмыс тобының мүшелерімен өткен мәжіліс барысында қабылданды. Тексеру барысында   147 база мен үйлердің 80-інде қажетті құжаты жоқ болып шықты. Кейбірі санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік нормаларын сақтамаған. Жұмыс тобының Алакөл жағалауына сапары барысында осы және басқа да ҚР заңамасын өрескел бұзушылықтар  анықталды. Демалыс үйлерін тексеруге өңір басшысы бастамашылық етіп, тиісті ведомство басшыларына тапсырма берген. Тексеру барысында жұмыс тобы бүгінде Алакөл жағалауында 147 база мен демалыс үйі бар екенін анықтады. Оның 80-інде қажетті құжат жоқ.  Сәулет, құрылыс, қала құрылысы саласындағы анықталған бұзушылық салдарынан заңға сәйкес енгізілмеген нысандарды пайдалануды тоқтатуға 44 нұсқама берілді.  Жұмыс тобы 160-тан астам база мен демалыс үйлерін қарады. Оның ішінде дүкен, дәмхана, басқа да сауда нүктелері бар.  Абаттандыру жұмыстары тек төрт нысанда ғана жүргізілген. Қалғандарына оны жүргізу қажеттігі туралы нұсқама берілді. Кейбірінде санитарлық қауіпсіздікті бұзушылықтар анықталды. Өртке қарсы қауіпсіздік өткір мәселеге десе болады. Құрылыстардың көбі ағаштан жасалған. Осыған қарамастан, 140 нысанда өртке қарсы қауіпсіздікті өрескел бұзған жағдайлар анықталды. Сондай-ақ жер-жерлерде көлік өтетін кварталаралық жолдар жоқ. Жұмыс тобымен өткен жиында Даниял Ахметов Алакөл жағалауын дамыту жоспарын әзірлеуді тапсырды. «Бірде-бір нысан демалушыларға жағдай жасамай, жұмыс істемеуі тиіс. Барлық анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлермен меморандум жасасу қажет. Келесі демалыс маусымы басталғанға дейін кемшіліктерді жою қажет, жоймағандар жұмысын тоқтатады», - деп атап өтті өңір басшысы. - меморандумға бір айдың ішінде қол қойылуы тиіс, - деп хабарлады өңірдің ақпараттық орталығынан. Сонымен қатар, облыс әкімі бір ай ішінде Алакөл жағалауын дамыту жоспарын дайындауды тапсырды. Онда қауіпсіздік, жағажай аймақтарын абаттандыру бөлігіндегі заңнама талаптарын сақтай отырып, жол, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымдар салу көзделген.

Серіктес жаңалықтары