Алматыда жалға алынған көлікті сатып жіберген алаяқ ұсталды

Алматыда жалға алынған көлікті сатып жіберген алаяқ ұсталды

Алматыда жалға алынған көлікті сатып жіберген алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
262
Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысының 1988 жылғы тұрғыны бұрын алаяқтық жасағаны үшін төрт рет сотты болған. Бұл жолы ол автокөлікті жалға беретін бірнеше компанияны алдап кеткен.
«Оқиға бес күн бұрын болған. 29 қаңтарда алаяқ жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің ғимаратында алдау және сенімге қиянат жасау арқылы арам ниетпен Toyota Camry 70 көлігін иемденіп, кейінірек сатып жіберген. Осылайша ол зардап шеккен тарапқа 14 миллион теңге көлемінде зиян келтірген. Көлік құралы алаяқтың қолына түскен бойда, GPS жүйесін өшіріп тастап, кейін сатып алушы іздеуге кіріскен. Ол көлікке нарықтағы бағадан бірнеше есе төмен сома сұраған. Алданған кәсіпкер полицияға шағым түсірді», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.
Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Полиция оның қылмыстық ісінің сериялық сипатта болу ықтималдығын жоққа шығармай, зардап шеккен азаматтардан 254-47-00; 54-47-01; 254-47-02 және 8-701-666-41-64телефондары бойынша полицияға хабарласуын сұрайды.  

Серіктес жаңалықтары