9 маусым мерекелік күндер тізіміне енуі мүмкін

9 маусым мерекелік күндер тізіміне енуі мүмкін

9 маусым мерекелік күндер тізіміне енуі мүмкін
ашық дереккөзі
347
Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізу туралы үкімет қаулысын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды. Атап айтқанда, мереке күндерінің тізбесіне мынадай тармақты қосу ұсынылып отыр: "11-1. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күні – 9 маусым". Ішкі істер министрлігінің түсініктемесінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ҰҚК, МКҚ, ҚМ, ІІМ секілді мемлекеттік органдарында арнайы мақсаттағы бөлімшелер бар екені айтылған. Аталған бөлімшелердің жеке шартты атаулары, нышандары, белгіленген ерекше міндеттері бар.
"Осы мәселенің оң шешілуі жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлер сабақтастығын,  кәсіби мерекені мерекелеу бойынша  іс-шараларда арнайы мақсаттағы бөлімшелер ардагерлері мен қызмет озаттарына құрмет көрсетуді ресми бекітеді және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге, рухани және моральдық-адамгершілік құндылықтарды, әскери дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге ықпалын тигізеді", - деп есептейді ІІМ.
Арнайы мақсаттағы бөлімшелер (АМБ) күні кәсіби мерекесін жариялау арнайы операцияларға қатыса отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті, конституциялық құрылыс пен мемлекеттің тұтастығын сақтап, еш қорқынышсыз қарулы топтар мен қылмыскерлердің жолына бөгет болатындарға құрмет көрсету болып табылады. 9 маусым Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары АМБ үйлестіру кеңесін құру туралы шешіміне (2016 жылғы 9 маусымдағы № 98) қол қоюына байланысты таңдалып алынды.    

Серіктес жаңалықтары