434
Павлодар облысында 30 жолаушысы бар автобус аударылды
Павлодар облысында 30 жолаушысы бар автобус аударылды
Павлодар облысында 30 жолаушы мінген автобус жол жиегіндегі жыраға аударылды.
«Үшінші ақпан күні, сағат 19:30-да Екібастұз қаласындағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бірінің жүргізушісі №120 маршруты бойынша «Вольво» автобусын айдап келе жатып, «Екібастұз - КП Батыр» тасжолында (Южная бекеті маңында) рульге ие бола алмай қалып, жыраға құлап кетті. Автобуста 30 адам болған, барлығы ЖШС жұмысшылары», - деді Павлодар облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшы орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
Жолаушылар мен жүргізуші зардап шеккен жоқ. Кейінірек жолаушыларға басқа автобус ұсынылды.
«Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша жүргізуші сау болған. Автобус арнайы айыптұраққа қойылды. Тексеріс жүріп жатыр», - деп толықтырды полициядан.