209
ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты
ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан жедел жәрдем қызметкерлері көз жұмды. Жедел жәрдем жүргізушісі Семей ауруханасына жеткізілді.
ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, оқиға 2021 жылдың 3 ақпанында сағат 19.25 шамасында болғанын хабарлады.
"Өскемен қаласынан Семейге бет алған Schmitz тіркемесі бар DAF маркалы жүк автомобилінің 29 жастағы жүргізушісі Өскемен-Семей тас жолының 140/58-шақырымында қолайсыз ауа райы салдарынан рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, ГАЗ-A31R23 жедел медициналық жәрдем автомобилімен соқтығысқан",-деп хабарлады полициядан.
Апат салдарынан 1972 және 1979 жылдары туған екі медицина қызметкері ауыр дене жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. 44 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі Семей қалалық ауруханасына жеткізілді.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген полиция хабарламасында.