Павлодарда антисептиктен уланған бойжеткен көз жұмды

Павлодарда антисептиктен уланған бойжеткен көз жұмды

Павлодарда антисептиктен уланған бойжеткен көз жұмды
ашық дереккөзі
240
Павлодарда арнайы орталықтың үш шәкірті антисептик ішіп, уланып қалған. Оның біреуі қайтыс болды. Уланған жасөспірімдер облыс орталығындағы қиын жағдайға тап болған балаларға арналған орталықта тұрған екен. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, науқас ауруханаға ауыр халде түсіп, емдеу мекемесінде тілге келместен қайтыс болған. Қалған екі қыз баланың жағдайы жақсы. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын ішкі істер органдарының мамандары анықтап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». "Қыз балаға шұғыл көмек көрсетілді. Қарқынды терапия тағайындалды, ем-дом шаралары бір жарым сағат бойы жүргізілді. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бойжеткен антисептикті көп көлемде ішіп қойған", - дейді  облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош.  

Серіктес жаңалықтары