Аустралияда тағы да өрт шықты

Аустралияда тағы да өрт шықты

Аустралияда тағы да өрт шықты
ашық дереккөзі

Орман өрті аудандарға жақындап, Суон қаласындағы үйлердің күл-талқанын шығарған, деп хабарлайды BBC агенттігі. Өрт жалыны 9 000 гектар аумақты шарпып, 71 үй отқа оранған. Сонымен қатар алты өрт сөндіруші жарақат алды. Бұл соңғы жылдары қала маңында тіркелген ең үлкен өрт болып отыр. Сондықтан қала басшылығы халықты оқшаулануға және төткенше жағдайға дайын болуға шақырды. Тілсіз жау дүйсенбіде басталып, Перт орталығынан шығысқа қарай 30 шақырым жерде әлі күнге дейін жанып жатыр. Өрт салдарынан жүздеген аустралиялық түнімен қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Сейсенбі күнгі өрттен шыққан түтін қаланы тұншықтырып, үйлерді күлге айналдырған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қызыл жалынды сөндіруге жел мен құрғақ әрі ыстық ауа райы да кедергі келтіріп отырғанын айтады. Сондай-ақ, бұл өрт одан да үлкен аумаққа таралуына әкелуі мүмкін дейді. Еске сала кетсек, Аустралияда 2019 жылы қыркүйек айында басталып 2020 жылға дейін жалғасқан орман өртінен жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған үй мен миллиондаған гектар жер жанып кетті. Сонымен қатар шамамен 500 миллион жануарды күйік шалған.