Абақтыда 4 ай бойы жазықсыз отырып шыққан ақтөбелік шенеунікке өтемақы төленетін болды

Абақтыда 4 ай бойы жазықсыз отырып шыққан ақтөбелік шенеунікке өтемақы төленетін болды

Абақтыда 4 ай бойы жазықсыз отырып шыққан ақтөбелік шенеунікке өтемақы төленетін болды
ашық дереккөзі
190
Ақтөбе облысында ақталып шыққан Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Қобландинге бір жарым миллион теңге өтемақы төленетін болды. Тіпті жұмыстан шеттеліген кездегі жалақысы да толық берілмек, деп хабарлайды КТК арнасы. "Оның әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық болмауына байланысты ақталды. Қылмыстық кодекстің 4-тарауына сәйкес, оның оңалту және зиянды өндіру құқығы танылған. Сот шешімімен талап-арыз ішінара қанағаттандырылды", - дейді Мұғалжар аудандық сотының судьясы Нұргүл Кедірбаева. Мұғалжар ауданындағы әлеуметтік салаға жауап беретін Ғалым Қобландинге екі жыл бұрын қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Ол ҰБТ кезінде комиссияға мектеп директорларынан 500 мың теңге ақша жинады деп күдіктеліп, тергеуге алынған болатын. Төрт ай бойы абақтыға қамалып, жарты жылдай тергеуге алынған шенеуніктің кінәлі екеніне сотта дәлел жетпей, керісінше мектеп басшыларына ақша жинауға тыйым салғаны анықталған. Мұғалімдер оның қылмысқа бармағанын айтып, ақтап шыққан. Мектеп директорлары болса, тергеушілерден қысым көргеніне шағымданған. Ақталып шыққан әкім орынбасарына енді өтемақы төлеуден бөлек, бір жылдан аса жұмыстан шеттелігеніне байланысты төрт миллион теңгеге жуық жалақысын өндіріп беруі тиіс. Айта кетсек, бұл үш айда тергеушілердің қателігінен орынсыз айыпталып, қазынадан ақша өндірген екінші шенеунік. Бұған дейін Ақтөбедегі жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекенова 800 мың теңге өтемақы алған. Ол да бес ай қамауда болып, бір жыл бойы тергелген.

Серіктес жаңалықтары