Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетілді

Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетілді

Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетілді
ашық дереккөзі
415
Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына өзгерту енгізілді.  Құжатқа сәйкес, дәмхана, мейрамханалардың жұмыс уақыты түнгі он екіге дейін ұзартылды. Фитнес орталықтарына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілді. Құжатқа сәйкес, спорттық, бұқаралық шараларға салынған шектеу сақталады. Сондай-ақ, әлі де отбасылық отырыстар, ас, той, митинг, шерулер өткізуге болмайды. Бұдан бөлек, бильярд, караоке, боулинг орталықтар, батут, компьютер, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лотерея ұтысы, ойын алаңы, жабық алаңдардағы аттракциондар, мұз айдыны (спорт нысанында орналасқанынан басқасы) жұмыс істемейді. Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Серіктес жаңалықтары