312
Партиялықтар 11 баланың әкесіне көмек көрсетті
Партиялықтар 11 баланың әкесіне көмек көрсетті
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалына 11 баланың әкесі Орынбасар Бейсенбаев тұрақты жұмысқа орналасуға көмек сұрап келген болатын.
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы өтінішпен танысып, Кентау қаласы, Майдантал ауылдық округінің әкімі Исмаилов Сабыр Қалшабекұлына хабарласып осы өтінішті оң шешуді тапсырды.
Нәтижесінде Майдантал ауылдық окург әкімі С.Исмаилов бұл өтінішпен танысып, Майдантал ауылдық округ әкім аппаратына бағбаншы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Мәселе оң шешімін тапты.
Өтініш иесі «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалына алғыс білдірді.