220
ШҚО-да 7 мың теңге үшін зейнеткерді соққыға жыққандар ұсталды
ШҚО-да 7 мың теңге үшін зейнеткерді соққыға жыққандар ұсталды
Бірер күн бұрын Риддер полициясына қалалық аурухананың медбикесінен хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, травматология бөліміне қаланың 70 жастағы тұрғыны дене жарақатымен жүгінген, деп хабарлайды Yk.kz.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Жәбірленушінің айтуынша, 14 қаңтарда сағат 22 шамасында бетперде киген екі белгісіз ер адам оның үйіне баса-көктеп кіріп, оған дене жарақатын салған, содан кейін 7 мың теңге сомасындағы ақшасын алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Риддер криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ШҚО полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге 33 жастағы және 44 жастағы қала тұрғындарын ұстады. Үрланған қаражат пен маскалар тәркіленді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК 192-бабы, 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.