261
«Nur Otan» депутаттары мен Үкімет мүшелері азаматтарды қабылдайды
«Nur Otan» депутаттары мен Үкімет мүшелері азаматтарды қабылдайды

Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының депутаттары партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдайды. Пандемияға байланысты шектеу шараларын ескере отырып, қабылдау онлайн өтеді.
Азаматтарды қабылдауды 2 ақпанда депутат Қайнар Абасов бастаса, 4 ақпанда – Сырым Адамбаев, 9 ақпанда – Тілектес Адамбеков, 11 Ақпанда – Мәди Ахметов, 16 ақпанда – Самат Ақышев, 18 ақпанда – Әлия Әбсеметова, 23 ақпанда – Данияр Әлімбаев, 25 ақпанда Ғалым Әміреев өткізеді.
Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ақпан айында бірқатар Үкімет мүшелері де азаматтарды қабылдайды:
- 3 ақпан – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
- 5 ақпан – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова;
- 17 ақпан – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов;
- 18 ақпан – Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді;
- 19 ақпан – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев;
- 24 ақпан – Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев;
- 25 ақпан – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов;
- 26 ақпан – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтарды қабылдайды.