Бердібек Сапарбаев азаматтардың жеке сұрақтарына жауап берді

Бердібек Сапарбаев азаматтардың жеке сұрақтарына жауап берді

Бердібек Сапарбаев азаматтардың жеке сұрақтарына жауап берді
ашық дереккөзі
230

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев карантин шектеулеріне байланысты аймақ тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байзақ ауданының Бурыл ауылынан байланысқа шыққан кәсіпкер Айнұр Дарменбаева біраз уақыт бұрын тігін цехын ашқанын айтып, қолдау білдіргендерге алғыс айтса, Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылының тұрғыны Тілеухан Әзімханов жер мәселесін көтерді. Ал осы аудандағы Қаракемер ауылында балабақша соғып бастаған азаматша қолдау көрсетуді сұрады. Облыс әкімі тиісті жауап қайырып, мәселелерге қатысты тапсырмалар берді.

Тараздық Нұрғали Қазыбекұлы өзінің кафесін балабақшаға ыңғайластыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл ұсыныс аймақ басшысының көңілінен шықты. Осыған байланысты көмек көрсету керектігі жөнінде білім басқармасына тапсырма берілді.

Қабылдау барысында сондай-ақ, құрылыс кезінде қолданылатын материалдар сапасы, су қоймаларының жағдайы, суармалы жерлерді көбейту жөнінде сұрақтар көтерілді. Өңірдегі инватакси қызметін жетілдіру керектігі де айтылды. Бердібек Сапарбаев көтерілген мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізіп, тиісті салалық басқармаларға тапсырмалар жүктеді.

Серіктес жаңалықтары