TÚRKISTAN – қазақ руханиятына серпіліс әкелген басылым

Қазақ баспасөзі дегенде ең алдымен «Түркістан уәлаятының газеті» есімізге түседі. Ташкенттегі «Туркестанские ведомости» газетінің қосымшасы ретінде 12 жыл бойы (1870 – 1882) шығып тұрған тұңғыш қазақ тіліндегі алғашқы бұл аударма газет – Түркістан генерал-губернаторының ресми органы болды. Десек те, Ресей империясының қоластындағы барша түркі халықтары тілінде шыққан алғашқы мерзімді басылымның атауындағы Түркістан сөзі рухани жеңіс деуге болады. Ал Қазақтан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жарық көрген халықаралық газеттің «Түркістан» (қазір Túrkistan) атын алуы ұлттық баспасөзіміздің негізін еске салып қана қоймай, Орталық Азияның ежелгі тарихи атауын да тірілтті.

TÚRKISTAN – қазақ руханиятына серпіліс әкелген басылым
ашық дереккөзі
1553

Кез келген рухани серпілістің се­бебі болады десек, «Түркістан» га­зеті – қазақ намысының туын­ды­сы, үлкен парасаттың жемісі. Ұлтымыздың біртуар азаматы, Қа­зақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың ерік-жі­гері арқасында «Түркістан» газеті жа­рыққа шыққанда жүрегі қазақ деп соғатын азаматтардың қуан­­ба­ға­ны жоқ. Кезінде түркішілдік идея­­ны төбесіне көтерген үлкен ақын Мағжан Жұмабаев: Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің Тәңірі берген несібі ғой, – деп жырлап түркітектес жұртты бө­ліп-жармай мақтаныш тұтса, аң­­сатып жеткен тәуелсіздік өмі­рі­міз­ді жаңа бұрған кезде «Түркістан» газетінің шығуы шын мәніндегі құбылыс еді. Себебі бұл газет ең ал­ды­мен «Түркістан» атауының тек бір қалаға емес, күллі орта Азия­ны иелеп тұрған қазақ, өзбек, қыр­ғыз, түркімен елдерінің және Кас­пийдің арғы бетіндегі әзер­бай­жан­дардың, атам заманда Анадо­лы­д­а азаттық­тың туын тіккен түрік­тер­ге де ор­тақ атау екенін ұқтырды. «Түркістан» газеті күні бүгінге дейін саяси тұрғыда күллі түркі ха­лықтары жайында кең көсіліп, ке­лелі мәселелерді көтерумен келеді. Сол сияқты бүгінгі ел рухания­ты­ның өзекті мәселелері жөнінде үз­бей сараптамалық мақалалар жа­рия­­лап, жаңа ғасырдағы қазақи са­наның тереңдеуіне зор үлес қо­сып жатыр. «Түркістан» газетін ашып, алғаш басқарып елге танытқан Қалтай Мұ­хамеджанов (1994-1999) болса, одан кейінгі дәуірде Шәмшидин Пәт­теев (1999-2018), Жаңабек Ша­ға­тай (2018-2019) басшылық жа­са­ды. Басылымға 2019 жылғы 9 қаң­тардан бері Қуат Әуесбай жетек­ші­лік етіп келеді. «Түркістанда» талай қабырғалы қаламгерлердің, жүйрік журналис­тер­дің қолтаңбасы қалды. Оның бә­рі халықаралық басылымның бе­делін көтеріп қана қоймай, оны ұлт­тық руханиятымыздың мәр­те­белі мінберіне айналдырды. Сон­дық­тан биыл газеттің «туған» кү­нін­де басылымға еңбегі сіңген ар­да­герлер журналистердің газет та­рихына қатысты ойлары мен ес­те­ліктеріне орын беріп отырмыз.  width= Көлбай АДЫРБЕКҰЛЫ: «Түркістан» – қазақ барда жасай беретін газет – Кейбір басылымдар туралы айт­қанда, оның тарихы туралы әңгі­мені бірден өзінен бастап кете ал­майсың. Оның заңды себептері бо­лады. «Түркістан» туралы да со­лай. Неге? Өйткені «Түркістан» га­зе­ті ашылғанда онда жұмыс істей бас­таған қаламгерлер аяқ астынан әр жерден жинап алынған жоқ, бұ­рын бір ұжымда бірге істеп әбден қа­лыптасқан кісілер еді. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында әлемнің бі­раз елінде үлкен бизнесі бар Zaman қо­ғамы біздің елімізде өз басы­лы­мын ашуға  келісімшарт жасаған-ды. Соның нәтижесінде 1992 жыл­дың 17 қаңтарынан бастап «Zaman-Қа­зақ­стан» атты еларалық еркін га­зеті айына екі рет жарық көре бас­таған. Бірақ түркиялық құрылтай­шы­лар газет ашылмай тұрып берген уә­де­лерін орындамады. Газет редак­ция­сына жеке ғимарат салып беру, га­зет басып шығаратын соңғы үл­гі­де­гі құрал-жабдықтар әперу, га­зет қыз­меткерлерінің жалақысын сол кездегі ресейлік танымал газет – «Известия» қызметкерлерінің  жа­ла­қысымен бірдей етеміз дегендері­нің бәрі құр сөз болып қалды. Одан қалса газеттегі Zaman қоғамы өкіл­де­рінің (7-8 адам) жалақысы жо­ғары болды да, бізге аз төленді. Сон­дай жағдайлардан оларға бір­неше рет ескертсе де, нәтиже шық­пағасын Қалтай аға бір күні Түр­кия­дағы құрылтайшыларға олар­дың уәдесін орындамағандықтан га­зетті жабатынын айтып, факс ар­қылы хабарлама жіберді. Ал бізге ха­лықаралық жаңа газет ашаты­нын, оны ел президентімен келісіп қой­ғанын айтты. Сөйтіп Әбілмәжін Жұмабаев, Дидахмет Әшімханұлы, Әбі­раш Жәмішов, Сәбит Дүйсен­биев, Жұмагүл Солтиева, Абзал Бө­кен, Бейбіт Сапаралы, мен және т.б. кі­сілер Қалтай Мұхамеджановқа еріп, жаңадан ашылған «Түркістан» халықаралық газетіне келдік. «Түр­кістан» ашылған соң оған, Сей­фол­ла Оспанов, Аманхан Әлімұлы, Ер­кін Нұразхан, Нұрқасым Қазыбек, Ға­лымжан Мелдеш, Жаңабек Ша­ғатай, Таңсұлу Алдабергенқызы се­кіл­ді біраз журналистер қосылды. Солайша аз уақыттың ішінде «Түр­кі­стан» газеті қоғамдық өмірмен бірге дамып, жұрттың көңілінен шық­ты. Сол кездегі Алматы қала­сының әкімі Заманбек Нұрқаділов көп көмектесті. Балық шаруашылы­ғы­ның балансында тұрған Бөгенбай батыр көшесіндегі екі қабатты үйді редакцияға жекешелендіріп берді. Біз оның екінші қабатына орна­лас­тық, астыңғы жағы арендаға бері­ліп, соның арқасында жағдаймыз жақ­сы болды. Бірақ уақыт өте келе қа­ғаз, баспахана қызметі қымбат­тай берді. Қалекең де анда-мында барып министрліктен, әкімдіктен қаражат сұрап, ақыры әркімнің ал­дына шаруамен бара беруден қи­налып кетті-ау деймін, бір күні жи­налыс жасап «бұдан әрі қарай сүй­рей беруден шаршадым, сон­дық­тан «Түркістанды» жабуға тура ке­ліп тұр» деді. Сол кезде орын­ба­сарларының бірі Шәмшидин Пәт­теев «газетті жаппаңыз, бірдеңе қы­лып шығарармыз» деп еді, Қал­тай аға «онда басшылықты өзің ал, тиіс­ті орындағы адамдар өзіңнің қа­тарың ғой, бірдеңе қылып тіл та­бысарсың» деді. Шәмшидин «Түркістанды» 20 жылдай басқарып, көптеген өзгеріс жасады. Төрт бет газетті сегіз бетке, одан он екі бетке жеткізді. Газетте «Қо­ныс», «Ырыс», «Жаһан», «Тайқа­зан» атты әр аптада кезектесіп шы­ғып тұратын қосымшалар пайда бол­ды. Бұрынғы үлкен кісілер тү­гелге жуық газеттен кетіп, оның ор­нын жастар басты. Гүлбиғаш Омар, Нәзия Жоямергенқызы, Есен­гүл Кәпқызы, Гүлзина Бектас, Ди­нара Мыңжасарқызы, Камшат Тас­болат секілді қыз-келіншектер ба­сып, «Түркістан» газеті гүлденген үсті­не гүлдене берді. «Түркістанның» халыққа ұнауы­ның сыры – газет барлық са­ла­ны бірдей қамтып, проблемалық, аналитикалық материалдардың үздіксіз жариялануында. Тарих, әдебиет, саясат, экономика, ғылым-білім, денсаулық – барлық сала те­рең қамтылып, мамандардың пі­кір­лері беріліп, оқырманға керектінің бәрі берілді. Өзім газетте біраз уақыт жауап­ты хатшы болдым, журналист ре­тін­де де еңбек сіңірдім. Әсіресе, «Ка­захское дело» деген авторлық бағ­дарламам бойынша Желтоқсан оқи­ғасына байланысты қудаланған тұл­ғалар туралы сериялық мақа­ла­лар жаздым. Оны газеттегі әріп­тес­терім басқа басылымдарда аналогы жоқ «Түркістанның» бренді деп мақ­тады. 2006 жылы cол еңбегіме Қа­зақстан Президентінің бақ сала­сындағы сыйлығын алып, кейін «Ақ­парат саласының үздігі» төсбел­гісімен марапатталдым. Соның бәрі «Түркістан» газетіне сіңірген азды-көп­ті еңбегімнің арқасы деп біле­мін. Қазақ баспасөзінде зиялылар ба­сы­лымы атанған «Түркістан» га­зеті қазірде жаңаша өң алып, за­манға сай оқылымды танымдық, тал­дау материалдарды жариялап жа­­тыр. Газетті безендіруі де көңіл­ден шығады. Оның бәріне қазіргі бас редакторы Қуат Әуесбайдың сіңі­­ріп жатқан еңбегі зор деп бі­ле­мін. Қазақ барда «Түркістан» оқыр­ма­ны жоғалмайтын газет. Ол ұлт руханияты үшін өзінің қажеттігін дәлелдеген және әлі талай ұрпақты тәрбиелейді деп сенемін.  width= Тынышбек ДАЙРАБАЙ: «Түркістан» – өз биігінен түспейтін басылым – Менің Алматыға көшіп келуім, «Түркістанда» журналист бо­­лып еңбек етуім тікелей Қалтай Мұ­ха­меджановтың ықпалы. Ол кісі 1993 жылы  Қызылорда облысына келген сапарында қасына еріп, са­пар­лас болып жақын танысқан едім. Сонда ол кісі менің Сыр бойы әде­биеті мен мәдениетіне, тарихы мен этнографиясына қатысты жи­наған мол материалдарымды көріп, бұ­ларды жариялау керек, халыққа пай­дасы мол қазына ғой деген бо­латын. Кейін сол айтқанын ұмыт­пай, мені ашылғанына әлі бір жыл то­ла қоймаған «Түркістан» газетіне ал­дырып, солайша 1995 жылдың 10 қаң­тарында жұмысқа тұрдым. Газет ұжымы – өңшең бір талантты қа­лам­герлер жиналған мықты ұжым екен. Газетте әртүрлі қызметте жүріп, түрлі шаруаларға қолғабыс жа­са­дық. Жай ғана мақала жазып, жур­на­листік міндетті атқарып қана қой­май газетті ел арасына насихат­тауға белсене араластық. Өйткені жақсы газет шығарып қана қоймай, оны халыққа жеткізудің де маңызы зор. Мәселен, 1995–1996 жылдары «Түр­кістанның» таралымы 12 мың­нан 14 мыңның аралығында болса, қайбір жылдары 20 мыңға жеткен кездері бар. Дегенмен мынаны да ескеру ке­рек, халықтың әл-ауқаты көтеріл­ген сайын баспасөзге қызығушылық та артады. Кейінгі кезде газеттің та­ра­­лы­мы 5–10 мыңның аралы­ғын­да болса, оған бүгінгі интернет зама­нында электронды басылым­дар­дың белсенділігі артқанының да әсері тиіп жатыр деген сөз. Әрине, уақыттың сынына төтеп бе­ретін басылымдар болады, сол сияқ­ты жанбай жатып сөнетін га­зет-журналдар қаншама. Бірақ «Түр­кістан» газеті уақыт сынынан өт­кен, жұрттың жүрегінен орын ал­ған, елді парасатқа тәрбиелейтін ба­сылым ретінде қазақ халқымен бір­ге жасай береді деп ойлаймын. Оған дәлел – газет шыққаннан бері онымен байланысын үзбеген мың­даған оқырман. Өзім жайлы айтсам, менің «Түр­кістан­ға» бергенімнен «Түр­кіс­тан­ның» маған бергені көп деп ойлай­мын. Осы газетте жүріп жаз­ған м­а­қалаларымнан бірнеше кі­тап құрастырып шығардым. Осы га­зетте жүріп атақты «Түркістан» аль­бомын елге жеткізіп, халқыммен қауыш­тырдым. Мұның бәрі өмірін жазу­мен байланыстырған қара­пайым журналист үшін үлкен мәр­тебе. Айта кетейін осы газетте жү­ріп мемлекеттік орден-медаль­дерге да қол жеткіздім. «Түркістан» газеті бүгінде дәс­түр сабақтастығын үзіп алмай, дең­гейін түсірмей оқырмандарын қуа­ндырып келеді. Бұл – кез келген ба­сылымға бұйыра бермейтін ба­қыт. «Түркістанның» сол биіктен түс­пейтініне сенімдімін. Аман бол­сын!  width= Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ: «Түркістан» шығармашылығымның бағдаршамы болды –Журналистиканы бітір­генім­мен, менің өз мамандығым бойын­ша, яғни кәсіби маман ретіндегі шы­ғармашылықпен шындап ай­на­лысқан кезеңім – «Түркістан» га­зе­тін­де қызмет атқарған жылдарым. Қазақ әйелінің кез келгені үшін от­басы, ошақ қасы, бала тәрбиесі бі­рінші тұрады ғой. Сондықтан өзі­не ыңғайлы әрі тұрмыстық мұқ­таж­дығын өтейтін жұмыс іздеу біздің буын­дағы әйелдер үшін ең өзекті мә­селе еді. Ел газеті, қазақ баспа­сө­зі­нің қара шаңырағы «Егемен Қа­зақстанда» машинистка, терімші бо­лып он алты жыл еткен еңбектің же­місі, екі ұл, екі қыздың несібесі – төрт бөлмелі пәтерге қол жеткіздім. «Егемен Қазақстан» арқаға, елор­даға көшкен соң өмірден ерте кеткен дарынды қаламгер Оралхан Бөкей жайлы менің қаламымнан ту­ған шағын ғана мөлтексырды оқы­ған марқұм Дидахмет Әшім­хан­ның шақыруымен «Түркістанға» орналастым. Бұл 1997 жылдың күзі бо­латын. Сонау, мектеп қабырға­сы­нан арман болған, жазу-сызуға, қа­лам­ға деген махаббат кеудемде атой са­лып, білек сыбана кірістім. Газет бол­ғанда қандай газет, атағы жер жа­рады! Халықаралық деген мәр­тебесі тағы бар. Басшысы қазақтың Қал­тайы атанған көрнекті қалам­гер, Қал-Ағаң! Ұжымда шетінен «сен тұр, мен атайын» дейтіндей өте тату, білікті, білімді қыз-жігіттер. Ап­­талық газет. Әркімнің өз та­қы­ры­бы бар! Редакторымыз Қалтай аға әке­міз­дей қамқор болды, ешкімді бөле-жармай, алаламай, тіпті өзімен тең ұс­тап, пікіріңді мұқият тыңдап, тап­сырманы да әркімнің ыңғайына қа­рай беруші еді. Мені «Таңшолпан» атайтын басшымыздың ұсыны­сы­мен нәзікжандылардың көкейкесті ой-пікірлерін жеткізетін «Әйел-Әлем» атты арнаулы бетті жүргізіп, та­лай марқасқа қазақ зиялылары­ның жарларымен сыр-сұхбат жаса­ға­нымды үнемі мақтанышпен есіме алып жүремін. Сол үрдіс зейнетке кет­кенше жиырма төрт жылға жал­ғасып, жазғандарым «Әйел-Әлем», «Әйелмен әлем әдемі» деген екі кі­тапқа айналды. Әрине, жаныңа жақын тірліктің қай-қайсысы болса да, өнімді-же­місті болмақ. «Түркістан» газеті – ме­нің шығармашылығымның бағ­дар­шамы болды десем, ол шын сө­зім. Сондықтан да болар, әр апта­ның бейсенбісінде жарыққа шығып жататын сүйікті газетімнің әр нө­мірі ғана емес, ондағы әрбір мақала кө­зіме жылы ұшырайды. Қуана кү­темін, қуанып отырып оқимын. Жыл сайын «Түркістанның» ту­ған күнінде елге белгілі басылымда еңбек еткен жылдарым есіме түсіп, қуанышты күндерім санамда жаңғырып отырады. «Түркістанның» жалауы әр­дайым желбірей беруіне тілектес­пін. P.S. Тәуелсіздіктен бұрын қазақта санаулы газет-журналдар мен телеарна, радионың болғаны мәлім. Сондықтан ұлтымыздың тілінде хабар тарататын санаулы БАҚ-тың қадірлі болғаны және түсінікті. Ал азат ойлы еркін елде түрлі газет-журналдардың көбейген кезінде жұрттың көңілінен орын алып, қаптаған үнжариялардың арасында суырылып алға шығу оңай емес. Бұл тұрғыдан алғанда, халықаралық «Түркістан» саяси апталығы өзінің рухани ағарту миссиясын лайықты дәрежеде атқару арқылы жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленуі – үлкен мәртебе! Империялық пиғылдағы елдер түрлі арандатулар мен бұрмалауға барын салып жатқан кезде Түркілік бірліктің туын көтерген басылымның арқалар жүгі мен өтеуі тиіс парыздары аз емес. Сол үддеден шығуға барын салып жатқан «Түркістанның» асар асуы, шығар биігі көп болғай! Бір кезде сыртағы жұрт әзілдеп «қыздар шығаратын газет» деп атайтын «Түркістан» бүгінде «жастар шығаратын» газетке айналды. Бұл болашағымыз болған жастардың таланты мен тапқырлығына, жігері мен іскерлігіне берілген әділ баға болса керек.

Серіктес жаңалықтары