Азия ойындары: аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды

/
Азия ойындары: аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды
ҰОК

Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы екі алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитет.

"50 келіге дейінгі салмақтың финалында қазақстандық спортшы Амелина Бакиева Үндістан өкілі Шрия Сатамды мерзімінен бұрын ұтты", - деп жазылған хабарламада.

Ал 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Санжар Қартай чемпион атанды. Финалда қазақстандық спортшы бахрейндік Султанахмед Султанахмедовты жеңді.

Осылайша, Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына төрт алтын медаль түсті. Бұған дейін велошабандоздар мен таеквондошы Айым Серікбаева бірінші орын иеленген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары