ОҚО-да жыл басынан бері 521 егіз нәресте дүниеге келді

ОҚО-да жыл басынан бері 521 егіз нәресте дүниеге келді

ОҚО-да жыл басынан бері 521 егіз нәресте дүниеге келді
ашық дереккөзі
262

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың сегіз айында 53051 нәресте дүние есігін ашқан. Оның ішінде 521-і егіз болса, төртеуі үшем. Айта кетейік, елімізде әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келеді. Өңірде тәуелсіздік алған жылдардан кейін жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге артқан. Ал материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарған. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылып жатыр. Осының нәтижесінде, бүгінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші көбейіп келеді.

Еске салайық, өткен жылдың тиісті кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында 52636 сәби туған.

 

Серіктес жаңалықтары