2020 жылы Қазақстанда 3,5 мың суицид жасалған: Мәжілісмендер Маминге депутаттық сауал жолдады

2020 жылы Қазақстанда 3,5 мың суицид жасалған: Мәжілісмендер Маминге депутаттық сауал жолдады

2020 жылы Қазақстанда 3,5 мың суицид жасалған: Мәжілісмендер Маминге депутаттық сауал жолдады
ашық дереккөзі
499
2020 жылы Қазақстанда 3526 суицид жағдайлары тіркелген, оның ішінде 144-і – жасөспірімдер. Сонымен қатар,  бір жыл ішінде 4855 өз-өзіне қол жұмсауға талпыну жағдайлары тіркелген. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров, Жұлдыз Сүлейменова және Елнұр Бейсенбаевтың Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында айтылған.  Халық қалаулыларының пікірінше, бұл мәселенің ушығып кетуіне еліміздің дәстүрлі жанұя институтының сырттан қысымға ұшырауы себеп. "Аталған  проблема Қазақстанның ең басты гуманитарлық мәселесі деңгейіне көтерілуде. Үкіметтегі министрліктер, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Ішкі істер министрлігі ведомствоаралық өзара үйлестіруді күшейту және жауапкершілікті арттыру арқылы аталған сұрақтың оңтайлы шешіміне қол жеткізу тиіс деп есептейміз", - дейді депутаттар. Мәжілісмендер Үкіметті «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Бақытты отбасы» пунктін іс-жүзіне асырған кезде мына мәселеге терең назар аударуға шақырды:
  1. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және болдырмаудың кешенді жүйесін қалыптастыру;
  2. Азаматтарға кешенді психологиялық көмек көрсету тетігін жақсарту, сонымен бірге, ата-аналарға құқықтық, рухани, әдістемелік қолдау көрсететін «Жанұяны қолдау орталықтары» институтын құра отырып, ата-ананы қолдау тетіктерін қарастыру;
  3. Азаматтардың өзінің ата-аналық миссиясын толыққанды орындауына жағдай жасау мақсатында Еңбек кодексі баптарының нақты орындалуы;
  4. Педагогтардың және ата-ананың балабақша, мектеп жасындағы балаларды ұлттық құндылық аясында тәрбиелеу функциясын кеңейту, осы орайда, балаларды тәрбиелеудегі  мектеп пен ата-аналардың бірлескен жауапкершілігін арттыратын жаңа форматқа көшу;
  5. Психология саласында мектепке дейінгі, мектеп кезеңіндегі әдістемелік құралдар мен оқулықтарға адамның өмір сүру философиясы, гуманистік құндылықтардың маңызы туралы ақпарат енгізу, ата-аналардың бала тағдырындағы аса маңызды рөлін арттыр;
  6. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі балалардың дұрыс және тұрақты психоэмоционалдық жан-жақты дамуының мазмұнды бірыңғай бағдарламаларын әзірлеу;
  7. Жұмыс істеп тұрған Кешенді психологиялық қызметтердің тиімділігін арттырып, олардың жұмысына қоғамдық мониторинг жасай отырып, бағыт-бағдарын кең ауқымды қоғам бақылауында ұстау;
  8. Мектептерде ата-аналар, мұғалімдермен бірлесе отырып, «зорлық-зомбылыққа төзімсіздік» этикасын енгізу, балабақшада, кіші сыныптарда буллингпен күресу бағдарламасын енгізу;
  9. Әлеуметтік желіде жасөспірімдерді суицидке итермелейтін ақпаратты тежеудің ұтымды тетігін қалыптастыру, тәуекелі жоғары балаларға алдын-алу іс-шараларын жасаудың практикасын енгізу тетігін қарастыру.
"Біздің адамдардың өмірі, балаларымыздың жарқын болашағы ең басты аспект, мемлекет адамның өмірін сақтау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануы қажет!", - делінген депутаттық сауалда.      

Серіктес жаңалықтары