Астананың Нұра ауданында көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, құтқарушылар 33 адамды эвакуациялады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Министрліктің ресми Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға Нұра ауданы Тұран даңғылында 9 қабатты тұрғын үйде болған. Үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
"Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел келді. ТЖМ бірінші бөлімшелері келгеннен кейін пәтерлердің бірінде жеке заттардың жануы анықталды. Құтқарушылардың кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жоғарғы қабаттардан 33 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды", - делінген ресми хабарламада.