«Қазгидромет» РМК бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы төмендейтінін хабарлады.
— 2025 жылғы 25 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Ақтау, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында болуы мүмкін, — делінген ақпаратта.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.